Шет ауданының білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы базасындағы тірек мектебі» (ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Жаңа мазмұн-жаңа серпін атты аудындық семинардан көрініс

Ата-аналар мен педагогтарға арналған кеңестер
Балалардың отбасылық және ішкі мәселелерін ашық талқылаңыздар.
Отбасылық жанжалдарға балаларды араластырмаңыздар.
Баланы тыңдай, оның сұрақтарына жауап бере, оның мәселелерін талқылай білу қажет.
Оның өмірінде немқұрайлы емес, шынайы қатысу қажет.
Оған сеніңіз, кездейсоқ еркелігін кешіріңіз.
Балаларыңызға шынайы мақсаттарды қоюға және оларға қол жеткізуге ұмтылуға көмектесіңіз.
Кедергілерді жеңуге міндетті түрде жәрдемдесіңіз.
Баланың үйдегі, мектептегі және даладағы құқықтары мен міндеттерін нақты анықтай біліңіз. Бұл жерде дөрекілік емес, табандылық қажет.
Оны кемшіліктері үшін айыптамаңыз, кінәламаңыз, оны қорқыныш, жалғандық, жауласу әлеміне жолатпаңыз. (Әрекетті сынға алуға болады, бірақ адамды емес!)
Жастардың кез-келген құнды оң бастамаларын сөзбен және іспен қолдаңыз.
Ешқандай жағдайда күш қолданатын жазалауды қолданбаңыз.
Өсіп келе жатқан балаларыңызды жақсы көріңіз, қамқоршыл болыңыз және өте
маңыздысы, олармен әдепті болыңыз.
Бір-біріңізді балаға билік етумен бопсаламаңыз.
Қиын сәтте жанында болатын қамқоршы, жақсы көретін адамға көп нәрсе тәуелді.
Ол потенциалды суициденттің өмірін құтқарып қалуы мүмкін.
Ең бастысы, баланың дамуына көмектесіп, әсер ету нәтижесін, өз еңбегіңіздің нәтижесін
ала отырып, өз баларыңызды қалай бар, солайша қабылдауға үйреніңіз. Құрметті ата-
аналар, сіздердің әр қайсысыңыз, балаңыңызда мәселесі қайда (қандай) екеніне ойлансаңыздар.
Бала тағдырына қызығушылық таныту, сіздің көмектесуге әзірлігіңіз оған эмоционалдық
тірек болады, Сіздің көмегіңізді қабылдай отыра, дұрыс қадам жасағанына көз жеткізеді.
бұл жағдайдан шығуына көмектесу үшін дереу шаралар қолдану қажет. Жасөспірімдерде депрессияның алдын алу өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуда өте маңызды болып
табылады. Жасөспірімдерде депрессияның алдын алуда ата-аналары маңызды рөлге ие.
Баламен сөйлесу, оның жағдайы туралы сұрақтар қою қажет, болашақ туралы әңгімелесу
Жасөспірімге күн тәртібін сақтау қажет. Оның ұйқысы жақсы қанып, жақсы тамақтануы.

Ата-аналарға психологиялық кеңес

  1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.
  2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
  3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
  4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
  5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
  6. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
  7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
  8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
  9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
  10. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
  11. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.

БАЛА ҚАШАН РЕНЖИДІ
Барлық сәтсіздіктерді саған артса, ренішті;
Жетістіктері байқалмаса, ренішті;
Егерде саған сенбесе, ренішті;
Сенің қолыңнан келетін істі басқа адамға тапсырса, ренішті;
Басқалары қызықты нәрсемен айналысқанда, сені жабырқаңқы,
тез болған іспен айналысуға мәжбүрлегенде, ренішті;
Түсінікті және қызықты іс машақатқа, құтыла алмайтын іске айналғанда,
ренішті;
Үшінші тұлғалардан өзін туралы «жаңашылдық» білгенде, ренішті;
Өз шаруаларымен жүріп, сен туралы ұмытқанда, ренішті;
Сенен күмәнданса, ал сенде ақталу мүмкіндігі болмағанда, ренішті;
Біз еске алмағдандардың көбі үшін ренішті.

Күнделікті ереже бастауыш сынып оқушыларына

  • 7:00-7:10 – Ертеңгілік тұру
  • 7:10-7:30 – жаттығу,жуыну,төсегін жинау
  • 7:30-7:50 – таңғы ас
  • 7:50-8:20 – мектепке бару
  • 8:20-8:30 – сабақ дайындау, сабақ алдында жаттығу жаса8:30-12:15 – сабақ
  • 12:15-13:15 – серуендеу
  • 13:25-14:00 – түскі ас
  • 14:00-16:00 – демалу
  • 16:00-17:00 – үйірмеге бару
  • 17:00-19:00 – бос уақыт
  • 19:00-19:30 – кешкі ас
  • 19:30-20:30 – демалу
  • 20:30-21:00 – ұйқыға дайындау

ҰБТ-ға дайындық (оқушыларға кеңес)

  • Сабаққа орын дайында; үстелдің үстінен керек емес заттарды алып таста, керек оқулықтарды, құралдарды, дәптерлерді, қағаздарды, қарындаштарды ыңғайлы орындарға қой.
  • Бөлменің интерьеріне сары және күлгін түстерді енгізіп қойыңыздар(олар интелектуалдық белсенділікті жоғарлатады).Осы үшін сурет немес эстампа қажет.
  • ҰБТ-ға дайындық жоспарын жасаңдар.Біріншіден:
  • Кімсіз- "үкі" немесе "бозторғай осыған орай таңертеңгі немесе кешкі сағаттарын пайдаланып әр күнге дайындық жоспарын жасағанда, бүгін не оқу қажет екенін анықтау керек.
  • Білмейтін материалдан,қиын саласынан бастаңдар. Егер сендерге бастауға қиын болса, қызықты және ұнайтын материалдан бастаңдар. Оқу мен демалысты кезектеңдер: 40 минут сабақ, 10 минут- үзіліс.Үзіліс кезңнде гүлдерге су құюға, ыдыс –аяқты жууға, дене шынықтыру жаттығуларын жасауға,душ қабылдауға болады.
  • Осы пән бойынша әр түрлі жарияланған тесттерді көп орындаңдар.
  • Секундамер арқылы жаттығу жасаңдар, тест орындалудың уақытын белгілеңдер.
  • Емтиханға дайындалу барысында зор жемістің суретін ойыңызға салып отырыңыздар.Ешқашанда тапсырманы орындай алмаймын деп ойламаңдар.
  • Қиын мәселелерді қайталауға емтихан алдында бір күнді қалдырыңдар.


Уақытты тиімді пайдалану.
Таңертең мектепке барып, мектеп сабақтарын толығымен оқитын оқушылар болса, онда олар мектеп бағдарламасындағы сабақтарының арасынан маңызды емес пәндерін біраз жинастыра тұруларына тура келеді. Себебі, уақыт тығыз.Алдағы мақсат мектептегі сабақтардың бірін қалдырмастан оқып шығу емес, керісінше, бар күшті ҰБТ -ға дайындыққа жұмсап, үлкен жетістікке жету. Үйдегі бос уақыттарыңызда теледидарға телміру мен агентке шығуды жинастырыңыз. Ол сізге ешқандай пайда бермейді. Тек пайдалы іске жұмсайтын алтын уақытыңызды алады. Ол сізге ешқандай пайда бермейді. Тек пайдалы іске жұмсайтын алтын уақытыңызды алады. Ол сіз үшін тиімді емес.Уақытты ысырап етпеңіз.


Жаттығып үйрену.
Тестке дейін тест тапсыратын пәндер бойынша тестерді шешіп және тестке қажетті кітаптар мен мәлеметтерді оқып жаттығыңыз. Бір оқығаныңызды, бір рет шешіп қойған тесті қайта шешіп көріңіз, егер уақыт табылып жатса. Себебі, қайталау білім анасы.Көп жаттыққаннан кейін өзіңізде алға жылжу бар екен бірден сезесіз. Ол үшін бір апта тынбай дайындық жүргізіп, көп жаттықсаңыз болғаны.


Сенім.Дайындық барысында алдағы емтиханнан сәтті өтемін деген сенім болуы керек.Егер сіз сенбесеңіз,онда ұмытылмайсыз алдағы мақсатыңызға.Адам болғаннан кейін өзіміздің кемшілігімізді басқа жағдаймен жауып жібергіміз келеді.


Тынығу. Тестке дайындалып жүріп дұрыс тынығуды да ұмытпаңыз Адам ағзасы дұрыс тынықпаса,еңбек өнімділігі азаяды.Сол себептіен де ұйқы мен демалу шараларын да естен шығармаған абзал.Тест болардың алдындағы бір күнде дайындықты тоқтатып, ойыңызды жинақтап алуыңыз қажет. Егер өзіңізге қиын болмаса, аздаған тақырыптар мен материалдарды бір реттен жылдам қайталап алуға болады.Ол миыңызға пайдалы. Кейде адам көп оқығанда барлық мағұлм толықтай қабылдай бермейді.

Тесттің алдында сабырлы болу.
Сабырлы болу, алаңдамау өте қиын.Түсінемін. Қанша қиын болса да өздеріңізді сабыр сақтап, жүкеңізді құртпауғакөндіріңіз.

Тест кезінде: Тест тапсыратын аудиториаға бөлмеге кірдіңіз. Адам көп.Бірақ оларға назар аудармаңыз. Тест басталғанға дейін шаршап қалатын кездер болады. Бірақ оларға назар аудармау керек екендігін ескерткім келеді. Бар көңіліңізді тест тапсырмаларымен таныстырушы қызметкерлерге немесе қолыңызда бар заттарға аударыңыз.

Жылдамдық пен мұқияаттылық.
Тест шешуге берілген уақыт шектеулі. Барынша дұрыс әрі жылдам шешкен ең керемет нәтижеге жетеді.Бұл жерде біліммен бірге жылдамдық та үлкен маңызға ие.Жылдам жауап жасаңыз, мұқияат болуды еш ұмытпаңыз.Асығып отырып қате жіберіп қоюдан сақтаныңыз. Мұқият болыңыз!Жаттап алган сұрағыныз келсе де бір рет мұқият көз жүгіртіп алып, жауап берудің еш артықшылығы жоқ.

Білмегеніңізді қалдырып кетіңіз.
Егер сұрақтарға жауап беріп отырғаныңызда бір қиын сұрақ не болмаса шешуі ұзақ уақыт алатын тапсырмалар келсе, олардан аттап өтіп, келесі оңай әрі жылдам шешуге болатын тапсырмаға көшіңіз.Тест тапсырмаларына оңай - қиын демей бірдей балл берілітінін ескерсек, алдымен оңай тапсырмаларды тестің соңғы сұрағына дейін бір рет жауап беріп шыққаныныз жөн.

Сағатқа қарау.
Тест басталған сәттен бастап сағатқа қарап жалтақтамаңыз. Сұрақтардың оңайларына бір реттен жауап беріп, соңында қиындары қалған кезде уақытқа бір қарап қоюдың артықшылығы жоқ.

Көмек көрсету- сіз үшін ұмтылыс.
Адамдарға көмек көрсету-адамгершілігі бар адамдардың қолынан келетін іс.Бірақ емтихан кезінде сіз ешкімге де көмектесуге міндетті емессіз.Тест дегеніміз-үлкен бәйге жарысы секілді.Сіз көмектескен адам ертеңгі күні конкурста сіздің бәсекелесіңіз болуы да ғажап емес.Қанша жерден біліп тұрсаңыз да өзіңіздің уақытыныздың кететіндігін және ойыңыздың бөлетіндігін ұмытпаңыз.

 

   нежные бутоны

 

 

 

jurektenjurekke

Сіз мындасыз: Негізгі / Психологтар кеңесі

Әлеуметтік желісі

Submit to FacebookSubmit to Twitter
Яндекс.Метрика 

Байланысу

КММ Ы.Алтынсарин атындағы мектеп - гимназия
Казахстан, Аксу-Аюлы, Улица
Шортанбай жырау, Дом 41

Жүріп өту сызбанұсқасы